Меню KDT

logo.png?_=1675678469


КГУ "Карасевская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • Название страницы

    Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
    Хаттама №1

    Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін қайта сайлау

    29.08.2019ж

    Қатысқандар:12

    Қатыспағандар:0

    Күні тәртібінде:

    1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі бұйрықпен таныстыру.
    2. Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін қайта сайлау
    3. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру
    4. Әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру.

     

    Тыңдалды:

    1.Мектеп директоры Жусупов А.Т.  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі бұйрықпен таныстырды. Биылғы жылғы өзгерістермен таныстырды.Биылғы жылы қамқоршылық кеңес мүшесіне мектеп қызметкерлері кірмеуі тиіс.

    Қамқоршылық кеңес мүшесіне:

    1) Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

    2)Жұмыс берушілер мен әлуметтік әріптестердің өкілдері;

    3) Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

    4) Ата- аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

    5) Қайырымдылық жасаушылар (бар болса)Қамқоршылық кеңес мүшелері білім алушылар мен тәрбиелеушілердің құқықтарының сақталуына, білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді. Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді тағы басқа жұмыстарға араласып, өз көмегін көрсете алады. Бұйрықтардағы әр бөлімге тоқтап, нақты қомқоршылық кеңес жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырды.

    Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Буркина Н.Л. қамқоршылық кеңес мүшелерін ұсынды

    1. Ибраева Н.К. – ИП «Ибраева»
    2. Рыжова В.Г. –  С/акиматтың есепшісі
    3. Бурматов А.Н. –  ТОО «Ратмир» басшысы
    4. Альбеков Е.У. – К/Х «Рамазан»
    5. Рымбаев С.А. – ИП «Мустафиновы»
    6. Попова С.И. – Балалар  медбикесі
    7. Мукашова А.Б. – Жеке кәсіпкер
    8. Махметов К.К. – Жеке кәсіпкер
    9. Жангалиева Д.К. – Әлеуметтік қызметкер

    Енді кеңес төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау қажет

    Қамқоршылық кеңес отырысында кеңес мүшелері Ибраева Н.К. кеңес төрағасы болсын деген ұсыныс жасады. Орынбасары етіп Попова С.И. ұсынылды.

    «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға ақшалай, кеңсе тауарлары немесе киім-кешекпен көмек көрсетуді ұсынды мектеп директоры  Жусупов А.Т. Мектеп мұғалімдері өз тарапынан 15 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

    Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ескендирова Р.Е. Қамсақты  селолық әкімдігінен келген әлеуметтік қорғалмаған балалар тізімімен таныстырды. Және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналар комитетімен бірлесе құрған тізіммен таныстырды. Осы отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру ұсынылды.

    Қабылданған шешім:

    1. Қамқоршылық кеңес мүшелері болып келесі адамдар тағайындалсын:

    1)Қамқоршылық кеңес төрағасы – Ибраева Н.К. ИП «Ибраева»

    2)Төраға орынбасары - Попова С.И. Балалар  медбикесі

    3)Хатшысы –  Рыжова В.Г. С/акимат есепшісі

    4)Мүшесі – Бурматов А.Н. ТОО «Ратмир» басшысы

    5)Мүшесі – Альбеков Е.У. К/Х «Рамазан»

    6) Мүшесі –Рымбаев С.А. ИП «Мустафиновы»

    7) Мүшесі – Мукашова А.Б. Жеке кәсіпкер

    8) Мүшесі – Махметов К.К. Жеке кәсіпкер

    9) Мүшесі – Жангалиева Д.К. Әлеуметтік қызметкер

    2.Қамқоршылық кеңес мүшелері 2017 жылы 27 шілдеде шыққан бұйрықпен таныссын;

    1. Қамқоршылық кеңес ережесі қабылдансын;

    4.қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары жасалсын;

    1. «Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетілсін;
    2. Әлеуметтік қорғалмаған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақ ішуі ұйымдастырылсын.

     

     

     

    Төраға: Ибраева Н.К.

     

    Хатшы: Рыжова В.Г.

    Послание
    Президента

    Директор школы Жусупов Асет Таласпаевич

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки