Меню KDT

logo.png?_=1675678469


КГУ "Карасевская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • КММ "Карасевка орта мектебі"
     

    19-23 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы өтті.

    19-23 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы өтті.


    19-23 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы өтті.

    Аптаның 1-ші күні апталықтың өтуіне байланысты оқушыларғахабарлама жүргізілді.

    Аптаның 2-ші күні Махметова Б.Е.  «Сынып білімпазы» атты 5-11 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмысын өткізді.

    Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту, ұйымшылдық, достық сезімдерін ояту.

    Аталған іс-шара 7 кезеңнен тұрды.

    1. Бәйге
    2. Көкпар
    3. Полиглот
    4. Сүйікті пән
    5. Егерде мен...
    6. Мақал-мәтел сайысы
    7. Мүдірместер сайысы

    Оқушылар 2 топқа бөлініп, сайыс түрінде өтті.

    «Өмір – күрес.

    Жеңістер мен жеңілістен тұратын»-демекші әділ-қазылар жалпы жиналған ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтады. Осы «Абай» тобы жеңімпаз атанды.

    Аптаның 3-ші күні Махметова А.Д. 5-11 сыныптар аралығында  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » сайысын  өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларға тілдің қадір-қасиетін түсіндіру, білімдерін арттыру, топпен жұмыс істеуге, бірлікке шақыру. Ана тілге деген махаббаттарын, сүйіспеншіліктерін ояту.

         Аталған іс-шара  4 кезеңнен тұрады.  Оқушылар  «Алғырлар» және  «Тапқырлар » деген екі топқа бөлініп, сайыс түрінде өтті.

    Бірінші кезең  «Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп аталады. Мұнда қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен викториналық сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

    Екінші кезең «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» деп аталады. Бұл кезеңде он мақалдан басы айтылып,  соңын аяқтайды.Әрбір  толық дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады.

    Үшінші кезең  «Тапқыр болсаң,тауып көр» деп аталады. Бұл кезеңнің ережесі бойынша бір кесте беріледі.Ол кестенің ішінде әріптер жазылған сол әріптерге қарап, сайыскерлер қазақ халқының нақыл сөзін табуы тиіс.

    Төртінші кезең  «Ойлан, тап» деп аталады. Бұл кезеңде үш түрлі тақырып беріледі. Біріншісі «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен, екіншісі  «Әр  түрлі тақырып», үшіншісі «Спорт» деп аталады.Бұл кезең шешуші кезең.Осы төртінші кезең шешуші кезең. Осы кезеңдер бойынша жинаған жалпы ұпайлары есептелініп, жеңімпаз, яғни , «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарымызды» анықтай аламыз.  Бұл сайысымызда «Алғырлар» тобы жеңіске жетті.

     Аптаның 4-ші күні Ескендирова Р.Е. 8«А» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Біртүрлі мамандықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.  Оқушылар  «Суреттер» галереясы арқылы сабақтың тақырыбын ашты. «Доп» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды.

    Кеспе қағаздар арқылы пікір алмасу

    1-ші – «Ең тәтті мамандықтар»;

    2-ші – «Ең жауапты мамандықтар»;

    3-ші – «Біртүрлі мамандықтар».

    Графикалық органайзер, «Балық қаңқасы» диаграммасы арқылы оқушылар біртүрлі мамандыққа байланысты маңызды тұстарын жазып, мәтін құрады.

     «Ақпаратты сүзгіден өткізу» графикалық органайзер арқылы оқулықтағы мәтінді оқып, негізгі ақпаратты табады. Оқушылар  таратылған кеспе қағаздар арқылы өз-өздерін бағалайды. Нәтижесінде барлық оқушылар «Өте жақсы» деген баға алды.

    Аптаның 5-ші күні қорытынды, яғни жеңімпаз атанған топтар марапатталды.

     

     

     

     

     

    11.12.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Жусупов Асет Таласпаевич

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки