Меню KDT

logo.png?_=1675678469


КГУ "Карасевская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • КММ "Карасевка орта мектебі"
     

    Көмекке зәру отбасы балаларына қол ұшын беру-әр адамның борышы


    Көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей білім беру айлығы мен "Мектепке жол" акциясы жыл сайын 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.
        Акцияның негізгі міндеті-аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауын алдын алу.Олардың мектеп формасы,оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып,алаңсыз білім алуына жағдай жасау.Республикалық акцияның өту барысында Қамсақты селолық округі және Карасевка орта мектебінің әкімшілігінен шаруашылық қожалықтар, жеке кәсіпкер иелеріне хаттар жолданды. «Рамазан», «Исмағұлова» шаруашылық қожалықтары, «Мукашова», «Ибраева» жеке кәсіп иелері, «Айыртау Гринь компани», мектеп түлегі Шукенова Кулзенеп,сонымен қатар Қамсақты селолық округінің, селолық дәрігерлік амбулатория қызметкерлері 13 балаға көмек көрсетті, демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болды. Бұл істе ұстаздарымыз да белсенділік танытып, қайырымдылық қасиетті іс болғандықтан әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсетуде. Сонымен бірге қадағалаусыз және панасыз, мектептен шет қалып, жүйелі түрде оқуға бармай жүрген балаларды анықтау үшін мұғалімдердің қатысуымен рейд жүргізілді.

       Рейд барысында балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту мақсатында аулалар аралау жұмыстары ұйымдастырылдАталған шара аясында әлеуметтік себебі бойынша оқумен қамтылмаған бала анықталмады. Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын  беру - әр адамның борышы.

       Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар атынан осы қожалық иелері: Альбеков Еркінге, Исмағұлова Назгүлге, «Айыртау Гринь компани» фирмасының басшысына, Мукашева Ақлимаға, Ибраева Күляшқа, Қамсақты селолық округінің, селолық дәрігерлік амбулатория қызметкерлері және мектеп ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.

     

                                                                                                        әлеуметтік ұстаз  Ибраева Б.А.

        

        

         

        

    03.10.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Жусупов Асет Таласпаевич

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки